Қ.Қуанышбаев театрында «Қараш-қараш» әлеуметтік драмасының премьерасы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қ.Қуанышбаев театрында «Қараш-қараш» әлеуметтік драмасының премьерасы өтеді

27.10.2015
Қ.Қуанышбаев театрында «Қараш-қараш»  әлеуметтік драмасының премьерасы өтеді

Қалиқан Ысқақ  пьесаны жазушы Мұхтар Әуезовтің «Қараш-қараш оқиғасы» повесті бойынша сахналық нұсқасын жасаған.  Бұл режиссер Әлімбек Оразбековтің  М.Әуезов  әлеміне төртінші рет қадам басуы.

Бұған дейін режиссер  «Абай», «Айман-Шолпан»,«Қорғансыздың күні» пьесаларын дүниеге әкеліп, бүгінгі күнге дейін көрерменнің  сүйікті қойылымдарына айналған.

«Қараш-қараш»  әлеуметтік драмасында елін-жұртын ойлап, күн кешкен екі азаматтың достығы, туған жерге деген үлкен махаббаты, ар алдындағы адалдығы көрініс табады.  

Драманың тұсаукесері 4-5 қараша күндері сағат 18.30-да өтеді.

Хабарламаларға жазылу