Нұра топтық су құбырын жөндеу биыл басталуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұра топтық су құбырын жөндеу биыл басталуы тиіс

09.06.2023

Ақмола облысындағы тіршілік нәрінен тарығып отырған 30-ға жуық елдімекенді ауыз сумен қамту мәселесін жыл соңына дейін шешу қажет. Ол үшін Нұра топтық су құбырының облысқа қарасты Егіндікөл, Қорғалжын, Атбасар аудандарына су жеткізетін 34 шақырымы жөнделуі тиіс. Мәселені Мәжіліс депутаттары көтерді. Жиында су торабын толықтай жаңарту мәселесі талқыланды. Оның жобалық-сметалық құжаттамасы алдағы он күнде дайын болуы тиіс. Депутаттар жобаны сараптамадан кем дегенде бір аптаның ішінде аяқтауды талап етті. Ал нақты құрылыс жұмыстары тамыз айында басталуы тиіс. Нұра топтық су құбыры 80 пайызға тозған. Салдарынан он бес мыңға жуық халық үш жылдан бері ауыз сусыз отыр. Құбырдың жарамсыздығына байланысты Егіндікөл ауданында техногендік сипаттағы төтенше жағдай да жарияланған болатын.


Хабарламаларға жазылу