Шығыс Қазақстан облысындағы бұқтырма су қоймасының деңгейі жыл санап төмендеп барады. Тек биылдың өзінде жағадан 50-60 метрге кейіндеген. Себебіне сәлден соң тоқталамыз.
Шығыстағы Бұқтырма су қоймасының деңгейі төмендеп барады. Тіпті кей тұстары жағадан жыл санап алыстап кеткен. Бұған алаңдаған экологтар ерте көктемнен бастап дабыл қаққан. Алайда облыстағы осы салаға жауапты мекеме басшылары судың азаюын қуаңшылықпен байланыстырады. Еліміздегі ең ірі стратегиялық нысанның қазіргі жағдайы тілшіміз Олжас Керейхан білуге тырысты.
Олжас Керейхан, тілші:
Бұқтырма әлемдегі ең ірі 10 су қоймасының қатыранда. Дегенмен соңғы 7 жылда оның деңгейі айтарлықтай төмендеп кеткен. Менің ту сыртымдағы алқап судың астында болатын. Жергілікті тұрғындардың айтуынша биылдың өзінде су жағадан 50-60 метрге дейін
кейіндеп кеткен.
Судың деңгейі неліктен төмендеп бара жатқанын тұрғындар да түсінбей жүр. Бұрын осы маңдағы қалқымалы шағын баржалар суда тұратын. Биыл қайраңдап жағада қалған.
Леонид Лежин, Бұқтырма кентінің тұрғыны аударма:
Жыл сайын су жағадан алыстайды. Одан соң мамыр,маусымда қайта қалпына келетін. Бірақ биыл олай болмады. Жағаның көбі әлден құрғап жатыр.
Гидролог-Контсантин Карташев Бұқтырма су қоймасының деңгейі мен темпратурасын арнайы құралдармен өлшеп тәулігіне екі рет орталыққа есеп береді.
Константин Карташев, гидролог:
Бүгін тааңғы сағат 8 шамасында өлшегенімде 42 сантимтер болған.қазір сәл көтерілген. Енді міне 44-ке жетті. Біртіндеп көтеріліп келеді. Судың азайып-көбеюі қалыпты жағдай.
Жиырма жылдық тәжірибесі бар маманның айтуынша жасанды қоймадағы судың азайып-көбеюі қар мен жауынға тікелей тәуелді.
Өңірдегі өзен-көлдерге мониторинг жасайтын инспекция басшылары да гидрологтың пікірімен келіседі.
Ернар Мәдиев, «Ертіс» Бассейндік су инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:
Бұқтырма су қоймасы ең төменгі межесіне жеткен жоқ. 1981-83 жылдарға дейін түсіпті. Енді көтеріледі. Тымыз айын дейін келу керек. Таудың бастарында, шыңдарда қар бар. Қанша келетінін айта алмаймыз. Бірақ ендңі нормадан төмен келеді деп тұр. Қазгидрометтің мәліметі бойынша.
Бұқтырма су қойасына 49 миллиард текше су сыяды. Дәл қазір 30 миллиард текше су бар. Жасанды қойманың деңгейінің жоғарлауы бүкіл елге пайда. Өйткені бірнеше электр стансаның жұмысы мен Ертістегі паромның қозғалысы Бұқтырмамен тікелей байланысты.
Олжас Керейхан