Көкшетаудағы шағын аудан сусыз отыр
Көкшетау қаласындағы 2 мыңнан астам тұрғыны бар шағын ауданда бір аптадан бері ауыз су жоқ. Халыққа тіршілік нәрін тасып беріп жатыр. «Оның өзі уақытылы келмейді. Іргедегі өндірістік кәсіпорындарға бөлек желі өткізілсе, ауыз судан бұлай тарықпайтын едік», - дейді жұрт.
Орал Шаткенов, тұрғын:
Суды мен өзім қаладан тасып жүрмін. Қаладан көлікпен барып әкелеміз. Көлігі барлар солай істейді. Жоқтар не істейді? Қалай су ішеді? Өткен жолы бір су тасушы келіпті. Өзі қап-қара. Суы қап-қара.
Ал мамандар су тапшылығына қаланың қарқынды дамуы себеп дейді. Өйткені соңғы жылдары шаһардың суды тұтыну көлемі біршама артқан. Шағынауданға бұған дейін де су кестемен беріліп келген.
Юрий Шенгальц, «Көкшетау су арнасы» МКК Бас директоры:
Қазір шаһардағы су қорының көп бөлігін Бірлік шағын ауданына жіберу мәселесімен айналысып жатырмыз. Қаладағы кәсіпорындармен келіссөздер жүргізудеміз. Алайда бұл тез шешіле қоятын проблема емес. Ол үшін арнайы жоба құрып, барлығын қайта қарастыру қажет.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Әділетті мемлекет дегеніміз – құқықтық мемлекет»
19.10.2026, 12:12
«Таза Қазақстан» акциясы аясында жастармен кездесу өтті
19.10.2026, 10:12
Cпорттағы оң өзгерістер өзгелер үшін де үлгі
19.10.2026, 10:10
Нагояда Азия пара ойындары басталды
19.10.2026, 10:09
Елордада Республика күні 120-дан аса іс-шара өтеді
19.10.2026, 10:08
Ұлттық ғылым академиясына – 80 жыл
19.10.2026, 10:07
Екі қалада есірткі сатқан әйел ұсталды
19.10.2026, 10:07
Канадада әскери базада өрт болып, 4 сарбаз қаза тапты
19.10.2026, 10:05