Азия мен АҚШ-Тың акциялар нарығында индекстер өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азия мен АҚШ-Тың акциялар нарығында индекстер өсті

10.03.2022

Бүгін әлем нарығында мұнай бағасы қайта өсті. Өйткені ОПЕК-тегі негізгі өндірушілер санкциядағы Ресейден жетпеген шикізаттың орнын толтыра ала ма деген алаңдаушылық туындап отыр.

Рейтер агенттігінің дерегінше, Brent маркалы мұнайдың баррелі 2,8 пайызға қымбаттап, 114 долларға сатылса, америкалық WTI-дың құны шамамен 2 пайызға көтеріліп, 110 доллардан асқан. Айта кетсек, мұнай бағасы өткен тәулікте бірден 13 пайызға түсті. Бұған Украина мен Ресейдің дипломатиялық келіссөздерді жандандыруға ниет етуі мен Бірккен Араб Әмірліктерінің көмірсутегі өндірісін арттыруды қолдауы себепші.

Мәскеу мен Киевтің келіссөз жүргізу жоспары Азия мен АҚШ-тың құнды қағаздар нарығында серпін беріп отыр. Бүгін Токио биржасында жүздеген компания акцияларының орташа бағасын көрсететін Никкей 3,6 пайызға өсті. Гонконгтің Хан-Сен индексі болса, 1,8 пайызға жоғарылаған.

Мұның алдында Нью-Йорк биржасында Nasdaq 3.59, Dow Jones 2 пайызға көтерілген еді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу