Әлемде мұнай бағасы қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемде мұнай бағасы қымбаттады

25.01.2018

Әлем нарығында мұнай бағасы қымбаттауын жалғастырып жатыр. Бүгін түскен мәліметке қарағанда, оның «Brent» маркасының бір баррелінің құны 0,7 пайызға өсті немесе 71, 05 долларға жетті. Мұндай жағдай 2014 жылдың желтоқсан айынан бері алғаш рет байқалып отыр. Ал, «WTI» 1 пайызға қымбаттап, 66 доллар 35 центке сатылды.

Энергетикалық шикізат нарқының көтерілуіне «ОПЕК» пен Ресейде мұнай экспортының кемуі және АҚШ-та отын қорының 10 аптадан бері азаюы себепші.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу