Қазақстанда 90 млн гектар жердің топырағы тозған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 90 млн гектар жердің топырағы тозған

04.06.2023

Қазақстанда егістік науқаны аяқталуға жақын. Бұл орайда өзекті мәселелердің бірі тыңайтқыштар тақырыбын көтеруді жөн көрдік. Кәсіпкерлердің кейбірі бағасы күн сайын көтеріліп барады десе, өндірушілер өнім шығару оңай емес екенін айтады. Қазақстанда қазір 90 млн гектар жердің топырағы тозған екен. Ғалымдар құнарлығын арттыру үшін себіліп жатқан тыңайытқыштың көлемі тым аз, - дейді. 

Жәнібек Аймышев, шаруа қожалығының төрағасы:

Ортадан қандай баға екенін шеше алмай жатырмыз. Өкіметтің беріп жатқан жеңілдетілген селитрасын алатын кезде тағы делдалдар тұр. Ортадағы бағаны және бір бағаға қоя алмай жатырмыз. Енді бұл айналайын алыпсатарлардан қашан құтыламыз?

Тыңайтқышсыз өнім ала алмай, банкротқа ұшыраймыз деп ұлардай шулаған жетісайлық мақташылар, селитраның құнын ортадағы алып-сатарлар қымбаттатып жіберді дейді. Ал жеңілдетілген бағамен алғысы келетін кәсіпкерлер агропорталға құжат тіркеу әбден әбігерге салып деп отыр.

Сәкен Ақылтаев, шаруа:

10 гектарға он адамның пай үлесі болса, он адамның ключін апарып өткізбесең, жеріңе селитраны ала алмайсың. Біреуі Алматыда, біреуі Астанада. Ананың ключін алып келу керек, мынаның ключін алып келу керек. Сөйтіп қиналып жатырмыз. Одан кейін біз енді наличный 160 теңгеден алып беріп жатырмыз.

Мәселе ушығып бара жатқан соң, жергілікті билік Сарыағаштан тыңайтқыш тасымалдап жүрген операторлармен кездесіп, селитраны 118 теңгеден сату туралы ұсыныс айтты. Бірақ бұған кәсіпкерлердің бәрінің бірдей келісе қоюы екіталай. Өйткені, ортадағы тасымалдау шығыны қалтаны қағып барады.

Базаралы Смайылов, шаруа:

118-ден баға бекітілген. Бірақ соны тасып, арада делдалдық қылып жеткізіп берушілер 118-ді місе қылмай, 125-пен 130-дың арасында шаруаларға алып келіп беріп жатыр. Оны бермесек өнім ала алмаймыз. Арендамыз бар, техникаға істететін қаржымыз бар. Банкрот болады шаруа, не болады.

Ал бұл Ақтаудағы азотты тыңайтқышты шығаратын ең ірі зауыт. Қазір халі мүшкіл болмаса да, өндіру көлемі осы жылдың алғашқы 3 айында-ақ 8 пайызға, ал сатылым қазір 40 пайызға түсіп кетті. Оған негізгі екі себеп бар.

Дауржан Жұмабеков, «Қазазот» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары:

Мысалы өткен айда Маяк мекемесінен алатын энергия жиелігінің түсіп кетуінің салдарынан біздің зауытымыз тоқтап қалып, 2-3 тәулік өнімді тоқтата тұруға мәжбүр болдық. Екінші мәселе өткізу мәселесі. қазіргі таңда нарықта Ресей және Өзбекстан өндірушілері өз өнімдерін сатуда. Әсіресе, Ресей. Былтыр біз осы уақытта 170 мың тонна селитра сатсақ қазіргі сатқан селитраның мөлшері 100 мың тонна.

Отандық өндірушілердің бұл жағдайға түсуіне тағы бір себеп бар. Ол субсидия мәселесі. Бүгінде диқаншылар қай елдің тыңайытқышын пайдаланымыз десе де, 50 пайыз жеңілдетілген бағамен ала алады. Ал нарыққа онсызда арзан бағамен ағылып жатқан тауарды субсидия арқылы алғысы келетін шаруа көп.

Фосфорлы тыңайтқышты шығарып жатқан Жамыбыл облысындағы кәсіпкерлер де мұндай субсидия бөлу тәсілі өндірушілерді аяқтан шалу деп түсінеді.

Ерболат Бәзілжанов, «Қазфосфат» АҚ зауыт өкілі:

Біздің зауыттарға 50 пайыз беру керек, ал шетелдіктерге төмен түсіру керек. 20-30 пайыз жетіп жатыр оларға. Олар енді бағасын төмен түсірсін.

Яғни, өнімнің өзіндік құны бағаны қатты төмендетуге мүмкіндік бермей тұр. Қазір Өзбекстанның азотты тыңайтқышы 130 мың теңгеден саудаланып жатса, Ресейдікі тіпті тоннасына 100 мың теңге. Ал біздің өнімнің бағасы ауыл шарушылығы үшін 184 мың, өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін 240 мың теңге. Бәсекелестікті қорғау агенттігі бұдан ауытқымауды қадағалайды. Ал форсфорлы тыңайтқыштың да саудасы өз елімізде жөнді жүрмеген соң, экспортқа жіберіледі.

Ерболат Бәзілжанов, «Қазфосфат» АҚ зауыт өкілі:

Диллерлер бар. Олар шаруашылықтармен келіседі де, біздің тыңайтқыштарды шетелге жібереді. 2-3 есе бағасын көтеріп. Биыл енді ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрық шығарды, тек қана зауыттар сата алады деп, қалған диллерлер сата алмайды.

Бүгінде еліміздегі алқаптар дәл осы фосфорлы және азотты тыңайтқыштарға зәру. Ғалымдар, шаруалардың сеуіп жтқан мөлшері тым аз екенін ескертіп отыр.

Әлімбай Балғабаев, ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдар академиясының академигі:

Қазақстанда 1 гектр жерге қолданып жатқан тыңайтқыштардың көлемі 5-6-ақ киллограмм. Еуропа елдерінде 600-700 киллиограмм қолданады. Біз 100 есе аз қолданамыз. Көп қажет еткенімен берілмей жатыр, ауылшаруашылығы ала алмай жатыр. Кедергілер көп. Қазақстанның қажеттілігі азотқа-700 мың тонна керек. Ал фосфордан 500-600 тонна керек.

Сағынбай Қалдыбаев, ҚазҰАЗУ Агроинновация және экология ғылыми-зерттеу институтының директоры:

Қазақстанның тек қана 25 млн қара топырақтары бар дедім, Қазақстанда соларға ғана аса қажет емес, олар өнім береді, жақсы өнім береді, ал бері қарай жылжысақ осы Оңтүстік Алматыға дейін келетін болсақ барлық топырақтарда фосфор төмен, Қазақстанның топырақтары негізінен фосфор элементі аз, сондықтан фосфор тыңайтқыштарын беруіміз керек, азот, азотта төмен. Ал калийге келетін болсақ ол бізге Қазақстанға аса керегі жоқ, біздің топырақтарымыз калийге.

Ал дәл қазіргі уақытта өндірушілерді бір ғана сауал мазалайды. Ол дайын тауардың 6 айдың ішінде жарамсыз болып қалмауы.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу