Қостанайда қару-жарақ дүкенінің директорына сот үкім шығарды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда қару-жарақ дүкенінің директорына сот үкім шығарды

02.06.2023

Қостанайда қару-жарақ дүкенінің директорына сот үкім шығарды. Оған өрт қауіпсіздігі ережесін ескермеген деген айып тағылған.

Еске салайық, қыркүйекте «Оружейная палата» дүкенінде жарылыс болып, соңы өртке ұласқан. 4 адам қаза тауып, бірнеше тұрғын жараланған еді. Дүкен иесі де зардап шекті. Жарылыстан жапсарлас тұрған бизнес нысандары мен тұрғын үйлерге де зақым келді. Кәсіпкерге «Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бабымен айып тағылды. Алайда зардап шеккен адамдар сот барысында дүкен иесін бас бостандығынан айырмауды сұрады. Тек шығынды өтеп беруін талап етті. Талап арыз ішінара қанағаттандырылып, Сергей Бескровныйға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 286 миллион теңге көлемінде шығынды өтеу міндеттелді.

Анар Шаймұрынова, Қостанай қалалық 2 сотының судьясы:

ҚР Қылмыстық кодексінің 292 бабы 3 бөлігіне сәйкес Сергей Бескровный кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. 46 баптың 5 бөлігімен жазасын қауіпсіздігі төмен мекемеде өтесін.

Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу