Өскеменде қоғамдық көліктер кестеге сай жүрмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде қоғамдық көліктер кестеге сай жүрмейді

02.06.2023

Өскемендегі шеткі шағын аудан тұрғындары қоғамдық көліктердің жүру кестесіне наразы. Автобус мәселе бойынша бұған дейін жолаушылар бірнеше рет шағымданған болатын. Әсіресе таңертең-кешке автобус жүрмегендіктен халық таксимен кетуге мәжбүр. 2-3 сағат кешігіп келген автобуста ине шаншар орын болмайды. Сондықтан кейбір аялдамаларға тоқтамай кетеді. Амалы таусылаған тұрғындар тасымалдаушы компанияларды сотқа беріп жеңіп шыққан. Бірақ одан да нәтиже болмады. Жолаушылардың арыз-шағымын тыңдаған қала әкімдігіндегі осы салаға жауапты тұлағалар міндетін дұрыс атқармаған тасымалдаушыларға қатысты келісім-шарт қайта қаралатынын жеткізді.

 Валентина Иванова, қала тұрғыны:

Мен таяққа сүйеніп қалай жаяу жүремін? Кей күндері 2-3 сағат күтесің. Соңғы аялдамаға барып бәрі жиналып тұрады. «Неге жүрмейсіңдер?» десек, «жолаушы жоқ» деген сылтау айтады.

 Арман Ысқақов, қала әкімінің орынбасары:

Қаланың шеткі шағын аудандарына қызмет көрсететін тасымалдаушы үш компанияның біреуі өз жұмысын дұрыс атқармай отыр. Оған бірнеше рет ескерту жасалды. Бірақ еш оң нәтиже жоқ. Сондықтан жақын күндері бұл компанияның жұмысына қатысты мәселені сот арқылы шешеміз. 

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу