Қуғын-сүргін жылдары Қостанай облысында 1300-ге жуық адам атылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қуғын-сүргін жылдары Қостанай облысында 1300-ге жуық адам атылған

31.05.2023

«Қуғын – сүргін жылдары Қостанай облысында 1300-ге жуық адам атылған. Соның 36 пайызы қазақтар». Зұлмат жылдарды зерттеп жүрген ғалымдар дерегі осындай. Жазықсыз құрбан болғандардың бірі – Нұрхан Еленов. Ол ұстаздық қызмет атқарып, ұлт зиялыларымен жақсы қарым-қатынаста болған. 1937-ші жылы Бейімбетті танығаны үшін ұсталып, бір жылдан соң атылыпты. Бүгін қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Нұрхан Еленовтың ұлы - Стахан Еленовпен кездесу өтті. Стахан Еленов әкесінен 1 жасында, анасынан 5 жасында айырылған. 11 жасында бауыры Данияр ауыр дерттен көз жұмып, бір отбасынан жалғыз өзі қалады. Бүгінде 87 жастағы қарияның ғұмыры – сол зар заман ұрпақтары тағдырының символы сынды. Нұрхан Еленов 1990-шы жылы ақталған.

Стахан Еленов, қала тұрғыны:

Мектепке келе жатсам бір мұғалім алдымнан шығып, «әкеңіз ақталды, газетке шықты», - деді. Поштаға барып газетті қарасам, әкем ақталғандардың тізімінде тұр.

Дәуренбек Әбдібек 

Хабарламаларға жазылу