Алматы тұрғындары тегін заңгерлік кеңес алды. «Халық заңгері» акиясы аясында тұрғындардың құқықтық мәселелері қаралды. Дәстүрлі шараның биылғы ерекшелігі неде? Шаһар халқының басым бөлігін қандай сұрақтар мазалайды?
«Халық заңгері» акциясы еліміздің барлық ірі қалаларында жыл сайын әрі бір мезетте ұйымдастырылады. Биыл да дәстүрден жаңылмаған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы және «Параграф» ақпараттық жүйесінің өкілдері тұрғындарды заңгерлерден кеңес алуға шақырды.
Михаил Коломин, шараны ұйымдастырушы:
Бұған дейін біз бұл акцияны Қазақстанның 21 қаласында өткізіп келдік. Ал биыл 70 ауылды қамтып отырмыз. Мақсат – тұрғындарға заңды қарапайым тілмен түсіндіріп, өз құқықтарын ұғындыру.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, заңгерлердің көмегі мен кеңесіне мұқтаж азаматтардың басым бөлігі көп балалы және жалғызбасты аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар мен әлеуметтік әлсіз топқа жататын адамдар. Сондықтан оларға бағыт-бағдар беру игі іс болып есептеледі.
Қанат Сәлімбаев, Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқарма басшысы:
Бүгінгі келіп жатқандардың сұрақтарының басым бөлігі денсаулық, жер қатынастары, білім беру саласы мен отбасы, тұрмыстық мәселелерге қатысты қозғалып жатыр. 01:10 Бұл іс-шараға бүгін 55-тен астам білікті заңгерлер мен адвокаттар қатысып жатыр. Олар келушілерге тегін құқықтық көмек жасайды.
Осыдан 7 жыл бұрын қолға алынған жобаның басқа елдерде баламасы жоқ, дейді мамандар. Айта кету керек, жыл санап ауқымы кеңейіп келе жатқан акцияға қатысшулар саны да артып келеді. Бір ғана Алматының өзінде осы жолы 3 мыңнан астам адам заңгерлерден кеңес алды.