«Saryarqa» телеарнасына - 65 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Saryarqa» телеарнасына - 65 жыл

26.05.2023

«Қазақстан» ұлттық телеарнасының Қарағанды облыстық филиалы «Сарыарқаға» биыл 65 жыл. Мерейтойға орай «Қарағанды телемұнарасы» шағын көшірмесінің тұсаукесері өтті. Қарағанды телестудия мұнарасының құрылысы 1958 жылы аяқталған. Ал сол жылдың тамыз айында журналисттер алғаш рет кеншілер мерекесінде эфирге шықты. Бүгінде «Сарыарқа» телеарнасы облыстағы маңызды жаңалықтар мен оқиғаларды көременге жедел әрі сапалы жеткізіп отырған беделді ұжым. Телеарна қажетті заманауи техналогиямен жабдықталған. Күн сайын бірнеше мәрте тікелей эфирге шығу әлеуеті бар. Жоғары сапалы контентке ие, сандық жүйеге көшкен аймақтағы басты арна. 65 жылдық мерейтойға орай өткен салтанатты шара барысында «Қазақстан» телерадиокорпорациясының басшылары құттықтап, ардагерлер естеліктерімен бөлісіп, бірқатар әріптестер марапатталды.

Әшімхан Жампейісов, Қазақстанның құрметті журналисі, телеарна ардагері:

Қарағанды облысының Сарыарқа телеарнасы отандық телеиндустрияның негізгі ұстаханасы болып саналады. Қаншама талантты журналистеріміз елімізде табысты еңбек етіп жатыр. Бұл біздің аға ұрпақтың бізге қалдырып кеткен дәстүрі, тағлымы, соны біз ары қарай дамытып отырмыз.

Руслан Нұрланұлы

Хабарламаларға жазылу