«Балапан» телеарнасына – 5 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Балапан» телеарнасына – 5 жыл

25.09.2015
«Балапан» телеарнасына – 5 жыл

Ұрпағымызға сапалы, тәрбиелік тағылымы мол телеөнімдер ұсынып келе жатқан   отандық тұңғыш «Балапан» балалар арнасы бес жасқа толды.

Осыған орай бүгін Астанада «Балапанның ертегі әлемі» атты  көрме өтті. Онда балдырғандар өз өнерлерімен көрерменді тәнті етті. «Бірі он саусақ» бағдарламасына қатысып, бағын сынаса, енді бірі сурет салып жарысты.

Тартысты сайыста бүлдіршіндер көк жәшіктен көріп жүрген кейіпкерлерімен танысып, сыйлық алып мәре-сәре болып жатты. Ал туған күн иелері «Балапан» арнасын да меркесімен құттықтады. «Балапан» телеарнасының ұжымы жаңа маусымда тың жобалар әзірлепті. 

Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу