«Бес жылдыққа – бес әдеби сапар». Бұл Түркістан облысынан елордаға келген әдеби керуен-көрменің атауы. Тараз, Шымкент, Алматы қалаларында өткен рухани шара бүгін елордада жалғасып жатыр.
Дархан Рахымжан, тілші:
Мына түйелердің макеті Түркістаннан елордаға келген керуенді бейнелеп тұр. Ғасырлар бойы тұтас түркі әлемінің саяси және рухани өмірінің өзегі болған Түркістан шаһары - өркениеттің жаңа кезеңіне қадам басып, заманауи келбетін айшықтай түсті. Оған себеп көне шаһардың облыс орталығына айналғаны.
Міне, Түркістан облысы құрылғанына биыл 5 жыл. Осыған орай киелі шаһардағы «Фараб» кітапханасы Түркістан жұртының рухани-мәдени өмірін Астана тұрғындарына таныстырмаққа, елордаға келді. Өңір «Ауыл кітапханаларына 20 мың кітап» акциясын өткізіп жатыр.
Түркістаннан келген көрмеде қызық көп. Мысалы, мына пластинка 1919 жылы шыққан. Түркістан туралы композиция. Сондай-ақ мына жерде көне құран кітаптары бар. Сирек кездеседі. Фараб кітапханасының қорынан әкеліп, бүгінгі көрмеге қойылған. Түркістан облысының көрмесі әрі қарай жалғасады. Келесі аялдама - Қызылорда облысы.
Дархан Рахымжан