Мемлекет басшысы Ресей астанасына екі күндік жұмыс сапарымен барды. Қасым-Жомарт Тоқаев қазір Еуразиялық экономикалық форумының пленарлық отырысына қатысып отыр. Мәскеудегі іс-шарадан тілшіміз Данияр Қайыртай байланысқа шығып тұр.
Данияр Қайыртай, тілші:
Мәскеудегі Зарядье концерт залында «Көпполярлы әлемдегі еуразиялық интеграция» атты Еуразия экономикалық форумының пленарлық отырысы басталды. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен қатар, Ресей басшысы Владимир Путин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысып отыр. Сондай-ақ Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин бейнебайланыс режимінде сөз сөйлейді деген ақпарат бар. Жалпы бұл екінші рет өтіп отырған форум. Алғашқысы былтыр Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен еді. Форумның мақсаты - Еуразия экономикалық одағы аясындағы күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді елдердің мемлекеттік қызметкерлері, кәсіпкерлер мен нарық ойыншыларының қатысуымен талқыға салу. Ал ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатыспақ.
Данияр Қайыртай