Италияда Е.Рыбакина жартылай финалға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Италияда Е.Рыбакина жартылай финалға өтті

18.05.2023

Әлемнің бесінші ракеткасы Елена Рыбакина дүниежүзілік рейтингте бірінші орында тұрған Польша өкілі Ига Швентекті үшінші рет жеңді. Осылайша жерлесіміз спорттық мансабында Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалына бірінші рет шығып отыр. Осыған дейін қарсыластар өзара үш рет кездесіп, соның екеуінде Рыбакина басым түскен еді. Кешегі матча Ига Швентек бірінші сетте 6:2 есебімен жеңіске жетіп жатқан. Екінші сэтте де польшалық теннисші бірінші нөмірде ойнады. Дегенмен, Елена брейк жасап, таразы басын теңестірді. Содан кейін тай-брейкте басымдық танытты. Үшінші кезеңде есеп 2:2 болған мезетте Швентек жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. Екі сағат 19 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 10 эйс жасап, 1 брейк-пойнтты өз есебіне жазды. Енді жерлесіміз финалға шығу үшін бүгін түнде әлемнің 17-ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен ойнайды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу