Елена Рыбакина бүгін финалға жолдама үшін таласады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елена Рыбакина бүгін финалға жолдама үшін таласады

26.01.2023

Елена Рыбакина бүгін финалға жолдама алу үшін таласады. Қарсыласы - он жасқа үлкен, тәжірибесі де молырақ Беларусь өкілі Виктория Азаренко. Әрі дүниежүзілік рейтингте Рыбакинадан бір саты жоғары тұр. Кезінде әлемнің 1-ракеткасы атанған.

Ал 23 жастағы Е.Рыбакина былтыр Уимблдон чемпионы атанған. Сондықтан алдағы матчта екеуінің де мүмкіндіктері тең деп бағалап отыр сарапшылар. Қарсыластар өткен жылы Индиан-Уэллс турнирінде кездесіп, онда Е.Рыбакина 6:3, 6:4 есебімен ұтқан еді. Бір жарым сағатқа созылған бәсеке барысында қазақстандық теннисші 5 эйс жасап, 8 брейк-пойнттың екеуін пайдаланған. Австралия чемпионатындағы жартылай финалдық бәсеке Астана уақытымен сағат 14.30-да басталады.


Хабарламаларға жазылу