«Сарыарқа» жартылай финалға өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сарыарқа» жартылай финалға өтті

24.03.2014
«Сарыарқа» жартылай финалға өтті
Қарағандылық  «Сарыарқа» командасы Краснодар қаласының «Кубань» командасын төрт ойында жеңіп,  Жоғары хоккей лигасы плей-офф сериясында жартылай финалға өтті.
 
Айта кетейік, «Сарыарқа» төртінші ойынды сырт айдында өткізіп, 3:0 есебімен басым түсті. Бұл ойында Михал Махо есеп ашса,  Якуб Гашпарович үшінші кезеңде екі мәрте көзге түсті.
 
Қарағандылық хоккейшілер жартылай финалда «Молот-Прикамье» және «Южный Урал» жұбының жеңімпазымен кездеседі. Бұл серияның есебі – 2:2.

Хабарламаларға жазылу