Қазақстандық теннисші жартылай финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық теннисші жартылай финалға шықты

18.05.2023

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Рим WTA 1000 турнирінің жартылай финалына шықты. Еліміздің бірінші, әлемнің бесінші ракеткасы ширек финалда дүниежүзілік рейтингте бірінші орында тұрған Польша өкілі Ига Швентекпен ойнады. Алғашқы сетте польшалық 6:2 есебімен жеңіске жетіп жатқан. Екінші сетте де ол алда болды. Дегенмен Елена брейк жасап, таразы басын теңестірді. Содан кейін тай-брейкте жеңісті жұлып алды. Үшінші кезеңде есеп 2:2 болған мезетте Швентек жарақатына байланысты матчты жалғастырудан бас тартты. Енді жерлесіміз финалға шығу үшін бүгін түнде әлемнің 17-ракеткасы латвиялық Елена Остапенкомен ойнайды.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу