Шведова мен Соареш финалға шыға алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шведова мен Соареш финалға шыға алмады

05.06.2014
Шведова мен Соареш финалға шыға алмады
 
Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова мен бразилиялық Бруно Соареш жұбы Францияның ашық чемпионатында финалға шыға алмады.
 
Жартылай финалда олар неміс қызы Анна-Лена Гренефельд пен француз Жан-Жюльен Ройер жұбына есе жіберді.
 
Бірінші сетте 6:3 есебімен басым түскен Шведова мен Соареш, қалған екі сетте Гренефельд пен Райердің қарқынына төтеп бере алмады. Есеп - 6:7, 5:10.
 
Олар финалда германиялық теннисші Юлия Гергес пен Сербия өкілі Ненад Зимоничпен кездеседі.
 
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу