Уимблдон-2022: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Уимблдон-2022: Елена Рыбакина жартылай финалға шықты

07.07.2022

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әйгілі «Уимблдон» халықаралық турнирінің жартылай финалына шықты. Отандасымыздың жарыс жолындағы кезекті қарсыласы австралиялық Айля Томлянович болатын. Ойынды қарқынды бастаған Томлянович алғашқы сетте 6:4 есебімен басым түсіп, Рыбакинаны тығырыққа тіреді. Есе жібергеннен кейін тез Ес жиған қазақстандық теннисші, екінші кезеңді 6:2 есебімен өз пайдасына аяқтады. Шешуші, үшінші сетте қатарынан 3 геймді алған Елена соңына дейін жеңісті уысынан шығармады. Қорытынды нәтиже 2:1. Осылайша жұлдызы жанған Рыбакина 145 жылдық тарихы бар әлемдегі ең беделді теннис додасының жартылай финалына шықты. Енді ол бүгін кешкісін әлемдік рейтингтің 18-ші ракеткасы Симона Халеппен байрақты бәсекенің финалдық жолдамасын сарапқа салады.

Хабарламаларға жазылу