Қарағанды облысында «Имамдар барысы» турнирі өтті
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында «Имамдар барысы» турнирі өтті. Оған аймақтың түкпір-түкпірінен келген 40-қа жуық имам қатысты. Палуандар 70 және 90 келіге дейінгі үш салмақ дәрежесі бойынша күресіп, өзара әкім мықтыны анықтады. Бұл дін өкілдері мен теологтар арасындағы тұңғыш рет ұйымдастырылған жарыс. Мақсат - салауатты өмір салтын насихаттап, әріптестік байланысты нығайту.
Естай Айтуғанұлы, Облыстың Бас имамы:
Имамдар қоғаммен тығыз қарым-қатынаста болуы үшін әрине олар рухани байлықпен қатар қосымша мына күрес арқылы басқа да спорт түрлері арқылы жастарға үлгі болса деген ниетпен осындай сайысты ұйымдастырып жатырмыз.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Айбын-2026»: Жүзуден жарыс өтті
25.06.2026, 10:17
Қаламгер Ғабит Мүсірептің жаңа жинақтары жарық көрді
25.06.2026, 10:15
«Мағжан оқулары» байқауының республикалық кезеңі басталды
25.06.2026, 10:14
Әлеуметтік демалыс ережелеріне өзгеріс енгізілді
25.06.2026, 10:12
Ғалымдарға 56 күндік демалыс беріледі
25.06.2026, 10:11
Францияда аптап ыстықтан фермаларда жүздеген мың тауық қырылды
25.06.2026, 10:10
Венесуэлада алапат жер сілкінісі болды
25.06.2026, 10:09
Ресейге кіру тәртібі өзгереді
25.06.2026, 10:08