Елдегі энергия өндіруші компанияларда шекті тариф өседі
Энергетика министрлігі 1 маусымнан энергия өндіруші мекемелердің электр энергиясын өндіруге арналған шекті тарифтерін өсіруді жоспарлап отыр. 47 компанияның 27-де тариф өседі. 20 энергия өндіруші ұйым үшін тариф бұрынғы деңгейде қалады. Ведомство өкілдерінің айтуынша, энергия өндіруші компаниялардың көбінде жабдықтар ескірген. Оларды жөндеу жұмыстарының шығыны қазіргі тарифте қарастырылмаған көрінеді. Ел бойынша бірқатар жылу-электр орталықтарында тозу деңгейі 90 пайызға жуықтайды. Мысалы, Степногорда бұл көрсеткіш - 82 пайыз, Риддерде 75, Оралда 86 пайызға жеткен.
Жалғас Шөгелбаев, ҚР Энергетика министрлігінің басқарма басшысы:
Қазіргі уақытта Қазақстанның энергия өндіруші ұйымдарының генерациялаушы қуаттарының тозуы шамамен 58 пайызды құрайды. Жыл сайын жөндеу жұмыстары тек тарифте көзделген көлемде ғана жүргізіледі. Бұл жылу электр орталықтарында апат болдырмау үшін жеткіліксіз.
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шахмат үздіктері 20 номинация бойынша марапатталды
13.05.2026, 13:24
Астанада робототехникадан халықаралық чемпионат өтіп жатыр
13.05.2026, 13:21
Жетісу облысына 2 миллиондай турист келеді
13.05.2026, 13:18
Үржар әуежайы жаңғыртылады
13.05.2026, 13:15
Премьер-министр БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті
13.05.2026, 13:12
Атырау облысындағы атышулы қылмыс 15 томнан тұрады
13.05.2026, 13:09
Алаяқтардың ЖИ-мен жасаған аудиожазбасын әшкерелеуге болады
13.05.2026, 13:06
Әйелдердің саяси белсенділігін арттыратын тренинг басталды
13.05.2026, 13:03