Түркістан облысында 22 мың абонент жарықсыз қалды
Түркістан облысында қатты желден үйлердің шатыры ұшып, тұрғындар жарықсыз қалды. Өңірде үш күн бұрын басталған жел тоқтамай, бүгін тіпті күшейіп кетті. Аймақтағы қазіргі жағдайды баяндау үшін бізбен осы өңірдегі тілшіміз Айнұр Әбілқасымқызы тікелей байланысқа шығып тұр. Айнұр өңірде желдің салдарынан жарықсыз қалған абонент саны көп пе ?
Айнұр Әбілқасымқызы, тілші:
Кеш жарық, Ләйлә! Негізінен аймақта соққан жел жұртты қатты әбігерге салды. Салдарынан Бәйдібек, Сайрам, Сауран аудандары мен Түркістан, Кентау қалаларында 22 мыңнан аса тұтынушы жарықсыз қалды. Көптеген ғимараттар мен тұрғын үйлердің шатыры ұшқан. Абырой болғанда жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ. Қазір жарыққа жауапты мекеме мамандары үзілген желілерді қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған 14 бригада, яғни 90 жұмысшы мен 12 техника жұмылдырылған.
Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Бүгін 4, 5, 6 күндері желдің қарқыны сақталады. Жалпы орта есеппен секундына 25-27 метрге дейін жетеді. Ал таулы аудандарда секундына 30 метрге дейін жетіп, одан жоғары болуы мүмкін.
Айнұр Әбілқасымқызы, тілші:
Табиғаттың тосын мінезінен ең көп зардап шеккен Кентау қаласы мен Сауран ауданының оқушылары қашықтан білім алуға көшірілді. Әзірге желден келген шығын көлемі есептеліп жатыр.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16