Батыс Қазақстанда мыңнан астам үй жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда мыңнан астам үй жарықсыз қалды

25.11.2023

Батыс Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығынан 1055 абонент жарықсыз қалды. Күшті жел мен қар аралас жаңбыр, мұздақтың әсерінен Орал қаласы мен облыстың 7 ауданында және 11 ауылында электр қуаты өшкен. Қазір коммуналдық қызмет мамандары желілерді қалпына келтіру үшін тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Ал Орал халықаралық әуежайына тұманның кесірінен ұшақтар қона алмай, кері қайтты. Бірнеше рейс уақыты кейінге шегерілді.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу