Батыс Қазақстан облысында жүздеген үй жарықсыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында жүздеген үй жарықсыз отыр

04.01.2022

Батыс Қазақстан облысында бүгін төртінші күн 8 ауыл жарықсыз отыр. Ауа райының қолайсыздығынан қаңтардың 1-інен бері Орал қаласының бір бөлігі мен 8 ауданда 2 мыңнан аса абонент электр қуатынсыз қалды.

Тіпті Тасқала ауданында жылу, ауыз су беру де тоқтатылды. Қазір осы және Қаратөбе аудандарында желілер қалпына келтіріліп жатыр. Әлі мыңнан аса абонентке электр қуаты берілген жоқ.


Хабарламаларға жазылу