Ақмола облысында қатты желден бірнше ауыл жарықсыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында қатты желден бірнше ауыл жарықсыз қалды

08.07.2022

Ақмола облысында қатты жел тұрып, бірнше ауыл жарықсыз қалды. Тұрғын үйлерге де зақым келген. 

Қатты жел түс кезінде көтерілді. Желдің жылдамдығы секундына 23 метрге дейін жетті. Зардап шеккендер жоқ. Бірақ, желдің күштілігі сонша төрт бірдей елдімекен Ақадыр , Еңбек- Бірлік, Ұялы ауылдары жарықсыз қалды. Барлығы 247 абонент. Қазіргі уақытта электр энергиясын беру үшін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ал, Ақадырда 8 үйдің шатырын ұшып әкетті. Сондай-ақ, қора-қопсы, дуалдар да бүлінген. Шығын көлемі есептелуде.Өтемақы төлеу үшін арнайы комиссия құрылып, жұмысын бастап кетті. Айта кету керек, өтемақы шаруашылық нысандар үшін төленбейді дейді мамандар. Тек баспана зақымданған жағдайда ғана мемлекеттен қаржы қарастырылған.

Ермек Елберген 

Хабарламаларға жазылу