Өскеменнің маңындағы саяжайлардың бәрінде қазір жыл он екі ай ел тұрады. Бірақ инфроқұрылымның нашарлығынан әлі титықтап отыр. Әл-ауқаты жетпегендіктен тұрғындар өз беттерінше әрекет етіп отыр.Бағаналарды да өздері орнатқан. Электр сымдары бір-біріне ілініп әрең тұр. Үп еткен жел тұрса, жарық та жалп етіп өшеді.
Бұл саяжайда қазір шамамен 600 – ге жуық отбасы тұрады. Бәрі энергияны бір трансформатордан алып отыр. Оның өзін тұрғындар қолдан құрастырып орнатқаны. Еш жерде тіркелмеген. Сондықтан бұзылса да өздері жөндейді. Ал қауіпсіздігіне де ешкім жауап бермейді.
Соңғы он жылда қаланың аумағы да он есеге өскен. Ауылдан қала ағылған жұрт негізінен саяжайларды паналап отыр. Бірақ инфроқұрылым мәселесі әлі толық шешімін таппай келеді.