Алматыда балалар тегін үйірмелерге тіркеле алмады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда балалар тегін үйірмелерге тіркеле алмады

03.05.2023

Алматыда ата-аналар балаларын damubala.kz тегін үйірмелер платформасына тіркей алмай отыр.

Тіркелу 2 мамыр күні кешкі сағат 18:00-де басталуы керек болған. Бірақ платформа басталмай жатып, істен шықты. Платформаның ресми әлеуметтік желілерінде деректерді сақтау және өңдеу орталығында электр энергиясы сөніп, оның арты апатқа алып келгені хабарланды. «Бұрыңғы ArtSpor тегін үйірмелер жобасын алмастыруы керек болған платформа бүгін қайта іске қосылады», - деді бағдарлама операторлары.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу