Алматыда қазақ тілін үйрететін тегін курс өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда қазақ тілін үйрететін тегін курс өтеді

09.08.2023

Алматыда қазақ тілін үйрететін тегін курс өтеді. Аталған курс мемлекеттік қызметкерлерге, қала тұрғындарына, этникалық топ өкілдеріне және кәсіпорын қызметшілеріне арналған. Дәрісті Мемлекеттік тілді дамыту институты ұйымдастырып отыр. Оқыту тамызда басталып желтоқсан айына дейін жалғаспақ. Қатысушылар тілді меңгеру деңгейлері бойынша топтарға бөлінеді.

Курс аудан әкімі аппаратының ғимараттары және кітапханаларда өтеді. Қатысамын деушілер Мемлекеттік тілді дамыту институтына хабарласып, тіркеле алады. 


Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу