«Гауһар циркі» Алматыда өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Гауһар циркі» Алматыда өнер көрсетті

11.09.2015
«Гауһар циркі» Алматыда өнер көрсетті

Бүгін Алматыдағы Қазақ Мемлекеттік циркінде алғаш рет Ресейдің «Гауһар циркі» өнер көрсетті. Жердің Солтүстік полюсіндегі Саха Республикасының цирк майталмандары бұған дейін әлемнің бірқатар мемлекеттерінде өнер көрсеткен. Цирк ұжымы алматылық көрермендерді «Мәңгі тоң жылуы» әфсанасымен тәнті етті.      

«Гауһар циркі» - Якутияның ұлттық төлқұжатының бірі. Түркі халықтарының бір бұтағы саналатын бауырлас елдің өнерпаздары «Мәңгі тоң жылуы» аталатын эксклюзивті қойылым арқылы салт-дәстүрін, тұрмыс-тіршілігін және тарихын көрсетуді мұрат еткен.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

 

 

Хабарламаларға жазылу