Алматыда мамонттар циркте өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда мамонттар циркте өнер көрсетті

16.09.2023

Алматыға Саха республикасының циркі келді. Олар мегаполис тұрғындары мен қонақтарының назарына 200-ден астам авторлық эксклюзивті кастюмдерін ұсынды. Сондай-ақ келушілер 60-тан астам цирк әртісінің ерекше қойылымдарын тамашалады.

«Мамонттар жері». Осындай ерекше атаумен ұйымдастырылған қойылым көрерменді бірден баурап алды. Өйткені кеште әртістердің күрделі трюктері мен көз тартар әрекетінен бөлек, 200-ден астам экслюзивті киім үлгілері көрсетілді. Бұл мегаполис халқы мен қонақтарына тансық дүние болғандықтан, олардың арасында зор қызығушылық тудырғаны байқалды.

Юрий Купрянов, Саха республикасының мәдениет және рухани даму министрі:

Біз Алматыға келген себебіміз бұл Қазақстанның мәдени астанасы. Мақсатымыз – екі елдің арасындағы мәдени байланысты нығайтуы. Қазақстандықтарды Якутияның ұлттық құндылықтарымен таныстыру. Сондықтан этно-жобаны әлемдік деңгейдегі режиссерлер әзірледі, мамонтты да шынайы етіп жасауға тырыстық. Көрерменнің көңілінен шығады деген үміттеміз.

Бақсылар соққан дауылпаз үні көрерменге мамонттар дәуірінің атфосферасын сезіндіргендей болды. Одан бөлек акробаттар, жанглерлар және сайықмазақтар да залда отырғандарға ерекше көңіл-күй сыйлағаны хақ. Цирк ұжымы Алматыдағы алғашқы қойылымынан түскен қаражатты қайырымдылыққа беретінін жеткізді.

Сергей Расторгуев, Марфа мен Сергей Расторгуев атындағы Якутия мемлекеттік циркінің директоры:

Қойылымды «Мамонттар жері» деп атауымыздың себебі, өздеріңізге белгілі Якутия жерінің 90 пайызы мұзды аймақта орналасқан және өңірден мамонттардың сүйектері табылған. Сондықтан осы тақырып көрерменгі қызық болар деп ойладық. Қойылымнан соң дұрыс шешім қабылдағанымызға көзіміз жетті.

«Гауһар циркінің» ұжымы келер жылы Астанаға келуді жоспарлап отыр. Одан әрі Қарағанды және Тәжікстанның Душанбе қаласына баруды жоспарлап қойған.


Хабарламаларға жазылу