Алматыда техника саласының мамандары өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда техника саласының мамандары өнер көрсетті

29.11.2016
«Техникалық колледждер Тәуелсіздікті жырлайды». Алматыда осындай атаумен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік шара өтті.
Онда қаладағы 15 техникалық колледжден іріктелген талантты тәлімгерлер өнер көрсетті.

Жас ақындар Тәуелсіздікті арқау еткен төл туындыларын көрерменге оқып берді. Ұйымдастырушылар осындай шара арқылы болашақ техника саласының мамандарын ұлттық өнерге баулып, ұлағатты жолға бағыттамақ.


Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу