Қазақстанның этникалық топтарға деген саясаты: Қазіргі жағдайы қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның этникалық топтарға деген саясаты: Қазіргі жағдайы қандай?

02.05.2023

Қазақстанның этникалық топтарға деген саясаты: Қазіргі жағдайы қандай? Бұл тақырып Вашингтондағы Еуропа, Ресей және Еуразияны зерттеу институтында талқыланды. Америкалық зерттеушілер мен отандық ғалымдар өзара пікір алмасып, жаңадан туындауы мүмкін ықтимал тәуекелдерді талқылады.

Қазақстандағы этникалық топтардың құқы толық сақталған. Рухани-мәдени құндылықтары мен әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жаңғыртуға деген ішкі сұранысы мейлінше ескерілген. АҚШ-та 500 ғалым жобасы бойынша тағылымдамадан өтіп жатқан әлеуметтанушы Айгүл Садуақасова америкалық әріптестеріне өзінің зерттеуін таныстырды.

Айгүл Садуақасова, Қолданбалы этносаяси институты директорының орынбасары:

Қазақстанда егемендік алғалы бері бірде-бір этникалық қарым-қатынаста саяси сұрақ болған жоқ. Міне осыны біз есте сақтауымыз керек. Жаңағы локальды болып тұрған қақтығыстар ол жергілікті сұрақтардың шешілмеуі, жергілікті білім жүйесінің әлі де бұрынғы Кеңес үкіметінен қалып қалған бір көзқараста жүріп жатқанын білдіреді.
Шекаралық аймақтағы халық әлі де көрші елден контент қабылдайтыны жасырын емес. Ел шетіндегі жұрт өзге мемлекеттердің ақпараттық кеңістігінде болмауы тиіс деген әлеуметтанушы ол үшін отандық интернет сапасын арттырып, отандық телевидение мен радио таралымын күшейту керек дейді. Сондықтан АҚШ-тағы Қазақстан елшісінің айтуынша, өзара келісім мен татулық ұстанымы көпке үлгі.

Ержан Ашықбаев, ҚР АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі:

Американ қоғамы да көпұлтты болғандықтан, Қазақстанның озық тәжірибесін бұл елде пайдалану тұрғысынын бұл ел де ескеру тұрғысынан да маңызды деген ойдамын. Қазақстан тек шет елдік тәжірибені үйреніп қоймай, біздің де тәжірибенің, еліміздегі оң тәжірибенің зерттеліп басқа елдерде іске асырылуына қолғабыс жасау мүмкіндігі туды
Америкада этностық қатынасты зерттейтін ғалымдар көп. Олар ішкі жағдайды ғана емес, әлемнің өзге де мемлекеттеріндегі ахуалды жігіт бақылап отырады. Оның ішінде Қазақстан жайлы да тың зерттеулі аз емес. Сондықтан сырттағы сарапшыларпен пікір алмасып тұру біздің ғалымдар үшін де маңызды.

Жалғас Сәдібекұлы

Хабарламаларға жазылу