Қазақстан - ауызбіршіліктің алтын ұясы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан - ауызбіршіліктің алтын ұясы

25.02.2021

Ынтымақты жердің ырысы көп. Бауырмал қазақ халқының арқасында ұлттар мен ұлыстар бейбіт елде еш алаңсыз өмір сүріп келеді. Осылай деген ингуш этникалық тобының басшысы Сұлтан Оздоев басты байлық - бірлікте екеніне сенімді.

«Құшағына 130-дан астам ұлт өкілін сыйдырған Қазақстан – ауызбіршіліктің алтын ұясы іспетті. Сондықтан келер ұрпақ тыныштық пен татулықты көздің қарашығындай сақтауға тиіс»,- дейді Сұлтан Оздоев.

Сұлтан Оздоев, «Вайнах» қауымдастығы ингуш этникалық тобының басшысы:
Қазақ жерінде өсіп-өндім. Қарапайым инженерден академик дәрежесіне дейін жеттім. Барлық жетістігім үшін қазақ халқына қарыздармын. Алғыстан басқа айтарым жоқ. Елдегі қоғамдық келісімді нығайту - бәріміздің ортақ міндетіміз.

Хабарламаларға жазылу