Берік Жүсіп: Қазақстандағы этностарды біріктіретін – халық музыкасы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Берік Жүсіп: Қазақстандағы этностарды біріктіретін – халық музыкасы

15.12.2015
Берік Жүсіп: Қазақстандағы этностарды біріктіретін – халық музыкасы

Жуырда «Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» атты музыкалық антология жарыққа шықты. Осыған орай  Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, жыршы, фольклортанушы Берік Жүсіп бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды.

«Аталмыш антология үш тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) жазылды және ол  екі томды. Кітаптың жасалуына, идеясына көп уақыт кетті. Қазақстан халқы Ассамблеясы – Елбасының үнемі айтып келе жатқан ұйымы.  Елімізде 130-дан астам этнос өкілдері тұрады. Бұл жалпы айтылған идеяның мәдени-рухани жағын қамтыған алғашқы еңбек. 100-ден аса этностар мен этникалық топтардың музыкалық мұрасы, оның ішінде халық  музыкасы алғаш рет осы екі томға біріктіріліп отыр»,-дейді Берік Жүсіп.

«Негізі этникалық музыка, оның ішінде этностар мен этникалық топтарға байланысты зерттеуді көбіне Ресей жүргізді. Әр халықтың тарихына, этнологиясына, этнографиясына, тіліне, мәдениетіне, өнеріне байланысты түрлі институттар жұмыс істеді».

«Қазақстандағы этностарды біріктіретін – халық музыкасы. Ал, халық музыкасы – барша этностардың өзегінде жатқан ең қастерлі дүниесі».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу