Қазақстандағы сот сараптама институттарының қазіргі жағдайы қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандағы сот сараптама институттарының қазіргі жағдайы қандай?

30.04.2023

Бүгінгі өзекті мәселенің бірі – сот саласын реформалау. Мұны мемлекет басшысы да жиі айтып жүр. Әсіресе, судьялардың кәсіби деңгейі мен соттардың ашықтығы әрі әділдігіне күмән көп. Мәселен, соңғы 5 жылда 17 судья жемқорлықпен ұсталған. Ал 29 маман теріс қылығы үшін лауазымынан босатылған. Бұл сот саласын тез арада жаңғырту керегін көрсететіндей. Ал өзгеріс сот сараптамасы қызметінен басталуы тиіс,-дейді мамандар. Өйткені, сараптама қорытындысы қылмысты ашуда шешуші мәнге ие. Сот әділ шешім шығаруы үшін сарапшылар ұсынған дәлелге сүйенеді. Ал бұл салада қазір маман тапшы. Соның салдарынан сарапшыларға жүктеме 2-3 есеге артқан. Сенатор Ақмарал Әлназарованың сөзінше, елдегі сот сараптамалары орталықтарындағы штат саны 1998 жылдан бері өзгермепті.

Сот сарапшылары неге аз? Жастар бұл салаға неге барғысы келмейді? Мәселені Аманкелді Сейтхан зерттеп көрген еді.


Хабарламаларға жазылу