Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің аумағында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің аумағында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жалғасады

11.04.2019

Бүкіләлемдік мұралар қатарына енген Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің аумағында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жалғасын табады. Халықаралық тәртіпке сәйкес бұл үшін  ең  әуелі ЮНЕСКО-ның оң шешімі керек. Қазіргі уақытта аталған ұйымның сарапшылары Түркістан облысында жүр. Вице-премьер Гүлшара Әбдіқалықова осы мәселеге жауапты құзырлы мекеме өкілдерімен және ЮНЕСКО сарапшыларымен арнайы кеңес өткізді.

Қазақстан тарапы дүниежүзілік мұра объектілерін сақтау жағдайын бағалау жөніндегі халықаралық кеңеспен ақылдаса жұмыс істеуде. Осы ұйымның аға сарапшысы, профессор, доктор Михаэль Янсеннің айтуынша, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі күллі әлемнің назарын аударған ғажайыптың бірі.

Сондықтан, оған жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын аса ұқыптылықпен жасау қажет. Осы мәселеге қатысты құжаттар жақын арада дайын болады және ол ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра комитеті отырысының 43-ші сессиясында қаралмақ.

Ербол МӘНДІБЕК

Хабарламаларға жазылу