Индонезияда паром аударылып, 11 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда паром аударылып, 11 адам қаза тапты

28.04.2023

Индонезияда паром аударылып, 11 адам қаза тапты. Оқиға елдің Суматра аралының шығыс жағалауында болды. Кемеде бас-аяғы 74 жолаушы болған. Олардың 62-сі аман-есен құтқарылды. Тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, кеме теңізге шыққаннан кейін 30 минуттан соң бөренеге барып соғылған. Апаттың мән-жайы анықталуда.   

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу