Индонезияның Сулавеси аралында паром суға батып, 15 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияның Сулавеси аралында паром суға батып, 15 адам қаза тапты

24.07.2023

Индонезияның Сулавеси аралында паром суға батып, 15 адам қаза тапты. 19 жолаушы із-түзсіз жоғалған. Су көлігінің бортында барлығы 40 адам болған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, жолаушылар саны бұдан әлдеқайда көп болуы мүмкін. 6 адам тірі қалған. Апаттың нақты себебі туралы әзірге ешбір мәлімет жоқ. Қайғылы оқиға болған аймақта ұлттық іздеу-құтқару тобы жұмыс істеп жатыр.

Арай Төлеген

Хабарламаларға жазылу