Индонезияда қайық суға батып, 17 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда қайық суға батып, 17 адам қаза тапты

18.06.2019

Индонезияның Ява аралында моторлы қайық суға батып, кемінде 17 адам қаза тапты. Олардың төртеуі – бала. Және 1 адам із-түзсіз жоғалып кеткен. Құтқарушылар соны іздестіріп, мәйіттерді анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Оқиға Суменеп қаласының жағалауында болды. 10 метрлік ағаш қайық алып толқынға төтеп бере алмай, аударылып қалған. Полицияның хабарлауынша, оның бортындағы 57 адамның 39-ы дін-аман. Дегенмен, олардың көпшілігі жергілікті ауруханада ем қабылдап жатыр. Былтыр Суматра аралында да осындай жағдай болып, адам лық толы паром суға кеткен еді. Сол кезде 200 жолаушының 18-і ғана тірі қалған. 

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу