Шри-Ланкада кеме суға батып, 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шри-Ланкада кеме суға батып, 6 адам қаза тапты

23.11.2021

Шри-Ланканың шығысында мектеп мұғалімдері мен оқушылар мінген паром аударылып, кемінде 6 адам қаза тапты. Олардың төртеуі - бала. Апаттан кейін елдің әскери-теңіз флоты іздеу-құтқару операцияларын жүргізіп, 17 адамды құтқарған. 35 кісіге шақталған паром Шри-Ланканың Кинния қаласына бара жатқан. Әзірге, кеменің суға батуына не себеп болғаны белгісіз. 


Хабарламаларға жазылу