Ақмола облысында үш ауылдың малы суға кетті
Ақмола облысы Атбасар ауданында 100-ден астам ірі қара мен жылқы Есіл өзеніне батып кеткен. Қар аралас жаңбыр жауғанда қатты желмен ыққан мал мұз құрсауында қалып қояды. Арам өлген жануарлар Қаракөл, Қосбармақ, Сергеевка ауылдарының тұрғындарына тиесілі. Қазір жұрт шамасы келгенше жабылып, өлекселерді судан шығарып жатыр. Жергілікті шаруашылықтар халыққа техника беріп, өлген малды арнайы қорымдарға тасып жатыр. Әзірге шығын көлемі есептелген жоқ. Сала мамандары суға батып өлген жануарлардың сақтандырылмағанын айтады. Сондықтан иелеріне ешқандай өтемақы төленбейді.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мектептерде цифрлық сауат және жасанды интеллект пәндері енгізіледі
13.05.2026, 20:17
Сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік қатаңдатылады
13.05.2026, 20:12
Тас жолдар, пойыз, ұшақ түгел интернетке қосылады
13.05.2026, 20:09
Трамптың Бейжіңге сапары басталды
13.05.2026, 20:09
Тегеран тұрғындары Трамптың Бейжіңге сапарына қатысты пікір білдірді
13.05.2026, 20:08
Таяу Шығыстағы қақтығыс туризмге кері әсер ете ме?
13.05.2026, 20:07
Туристер туроператор таңдағанда нені ескеруі қажет?
13.05.2026, 20:05
Саммитке әзірлік: Қауіпсіздік басты назарда
13.05.2026, 20:05