Сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік қатаңдатылады
Сайлау кезіндегі заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік қатаңдатылады. Бүгін Мәжіліс тиісті құжатты бірінші оқылымда мақұлдады. Енді тек бюллетень емес, саяси науқанға бөлінген әр тиын жіті бақылауға алынбақ. Әлеуметтік желілер арқылы жасырын үгіт жүргізу, жалған сауалнама тарату немесе сайлау нәтижесін алдын ала болжау әкімшілік жауапкершілікке әкелуі мүмкін. Бұдан былай кандидаттар сайлау қорынан тыс ақша немесе материалдық көмек алса, бұл заң бұзушылық болып қаралады. Жалпы, ұсынылған түзетулер саяси науқанды жасырын және бақылаусыз қаржыландырудың жолын кесуге бағытталған.
Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:
Сайлау қорларынан тыс қаржылық және өзге де материалдық көмек алғаны үшін жеке тұлғаларға 25, ал заңды тұлғаларға 55 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Бұдан басқа қолданыстағы Конституциялық заңда қаржыландыру ережелерін бұзған жағдайда, кандидатты немесе партиялық тiзiмдi тiркеу жөніндегі шешiмнiң күшiн жою туралы конституциялық жауапкершілік көзделгенін де атап өту қажет.
Заң жобасында әкім сайлауына қатысты да бірқатар өзгеріс қарастырылған. Егер үміткерлер тең дауыс жинаса, қайта дауыс
беру тәртібі енгізіледі. Сонымен бірге бір адамның бір уақытта әрі мәслихат
депутаттығына әрі әкімдікке кандидат болуына шектеу қойылады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан - онлайн қызметтер индексі бойынша үздік ондықта
23.08.2026, 23:17
Әлем елдерінің 60%-ы бір палаталы Парламент жүйесімен жұмыс істейді
23.08.2026, 23:12
Еңбек адамының қоғамдағы рөлі артып келеді
23.08.2026, 23:09
Тәуелсіз бақылаушылар: Сайлау үдерісі ұйымдасқан түрде өтті
23.08.2026, 23:08
Сайлаудағы ерекше сәттер
23.08.2026, 23:05
Бельгияда дауыс беру аяқталды
23.08.2026, 23:03
Алғашқы болып дауыс бергендерге ҚР Конституциясы сыйға тартылды
23.08.2026, 22:00
Зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады
23.08.2026, 22:00