Басты Жаңалықтар Саммитке әзірлік: Қауіпсіздік басты назарда

Саммитке әзірлік: Қауіпсіздік басты назарда

15 мамырда Түркістанда Түркі мемлекеттер ұйымының бейресми саммиті өтеді. Іргелі жиынға әзірлік жұмыстары қызу. Әсіресе күштік құрылымдар қауіпсіздік шараларына баса мән берген. Айнұр Әбілқасымқызы Саммитке дайындық барысын баяндайды.

Саммит қарсаңында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп -басты назарда. Қазір көне шаһарға тартылған күштік құрылымдар соңғы дайындықтарын пысықтап, техникаларын тексеріп жатыр. Ресми делегацияларды алып жүретін қызметтік автокөліктер де сақадай сай.

Түркістанға Қызылорда, Тараз, Шымкент пен Алматы қалаларынан тәртіп сақшылары тартылған. Ұлттық ұлан мен Қорғаныс министрлігінің сарбаздары да қауіпсіздікті көзден таса қылмайды. Шаһардың алты бұрышында арнайы бекет қойылып, көліктер тексеріліп жатыр. Жиын өтетін күні республикалық маңызы бар және қаладағы ішкі жолдарға шектеу қойылады.

Бағланбек Айтбаев, ҚР ІІМ әкімшілік полиция комитеті бастығының орынбасары:

Түркістан қаласы бойынша республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тас жолы өтеді. Ол жерден транзиттік көліктер өтеді. Сол себептен біз қарастырып, айналма жол қарастырдық. Ол жерде шектеулер болмайды. Шектеулер Саттарханов даңғылы бойында, Караван сарай маңында болады.

Бұл Tesla Cybertruck көлігі. Арнайы күзет қызметі мұндай қондырғыны осы жолы алғаш рет қолданбақ. Мамандардың айтуынша, электрлі пикап төтенше жағдай кезінде барлау жүргізуге, жедел әрекет етуге өте ыңғайлы. Бұдан өзге қаладағы қауіпсіздікті қадағалауға 71 техника мен 289 қызметкер жұмылдырылған.

Асқар Сейсенов, Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Қазір көрсетілген Саммиттегі 16 нысанға арнайы жеңід және тез баратын Тайота хайлюкс автокөліктері, сонымен қатар өрт сөндіру автокөліктері жауынгерлік есепте тұр қазір. Бір ұшақ арнайы берілген. Сонымен қатар Қызылорда облысынан бір ұшақ келеді. Жалпы қауіпсіздікті осы техникалармен атқарамыз.

Ал алқалы жиын мың адамға арналған Конгресс холлда өтеді. Алып кешенді төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бүгін де тексеріп шықты. Түркі мемлекеттер саммитіне 7 мемлекеттен арнайы өкілдер келеді. Жиынға шамамен 500-ден астам адам қатысады деп жоспарланған.


Бөлісу