Жаңаөзен халқы қыста тоңбайтын болды. Шахардағы орталық жылу қазандығы жанынан су жинайтын жаңа резервуар салынып жатыр. Ол алдағы қыста жылу мен ыстық судың үздіксіз берілуі үшін қажет. Сыйымдылығы – 5 мың текше метр. Құрылысы тамыз айында аяқталып, жылыту маусымында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Нысанның жалпы құны – 580 млн тг.
Әділбек Рубилов, «Өзенжылу» МКК Бас инженері:
Бізге су сырттан келетін болғаннан кейін кейбір апаттық жағдайлар болады, су берілмей қалатын. Осы резервуар арқылы біз қыста тұтынушыларды үш тәулік бойы ұстап тұруға мүмкіншілік аламыз. Жылуды үздіксіз беруге, тоқтатпауға. Енді бір жағынан, стратегиялық объект болғаннан кейін резервте су болуы керек.
Аягөз Оралбай