Жаңаөзенге қарасты Қызылсай ауылында жаңа спорт кешені салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңаөзенге қарасты Қызылсай ауылында жаңа спорт кешені салынды

27.04.2023

Жаңаөзенге қарасты Қызылсай ауылында жаңа спорт кешені салынды. Мамырда салтанатты ашылу рәсімі өтеді деп жоспарланған. «Көпфункционалды нысанның құрылысына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 350 млн тг бөлінген. Ал маңайын абаттандыру үшін жергілікті қазынадан қосымша 40 млн тг жұмсалды. Спорт кешенінде бір уақытта 150 бала жаттыға алады. Бұрын спорт залдары тапшы болғандықтан, жаттығу процесі толық өтпейтін», - дейді мектеп директоры.

Азамат Қосжанов, Қызылсай ауылы №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:

Біздің спорт мектебімізде 800-ге жуық спортшы бар. Оның ішінде осы ангар типтес спортзалдың ішінен футбол, волейбол, сосын күрес түрлерін осының ішінде жаттығуға ауысуды жоспарлап отырмыз.

Данияр Қайыртай

Хабарламаларға жазылу