Маңғыстаудың Қызан ауылында спорт кешені салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстаудың Қызан ауылында спорт кешені салынды

03.04.2018

Туған жерге тағзым. Маңғыстаудың ең шалғай ауылдарының бірі Қызанда спорт кешені салынды. Нысанды ауыл тұрғындары мен кәсіпкерлер өз күшімен тұрғызды. Зәулім спорт сарайын салуды ауыл азаматы Сартбек Үркімбаев мойнына алған. Спорт кешенінің аумағы 2000 шаршы метр, спорт залы кең, фитнес бөлмесі де қарастырылған. Жоспар бойынша спорт кешені мамыр айында тапсырылады. Қазір жұмыстың 80 пайызы бітті. Енді жылыту, жарықтандыру жұмыстары қалды.

Жеткіншек Әуелбайұлы, Қызан ауылының тұрғыны:

- Маңғыстау спортының көк туын желбіреткен - кикбоксингшы жігіттер. Оның бапкері Жұбатхан Елекбаев. Шетелдерден бас жүлде, күміс, қоланы алып келді. Енді спорт залымыз ашылса, Қызанның көк туы әлі талай желбірейді деп ойлаймын.

 

Айсара АЙТМАН

Хабарламаларға жазылу