Сүгір жыраудың 120 жылдық мерейтойы аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сүгір жыраудың 120 жылдық мерейтойы аталып өтті

23.10.2014
Сүгір жыраудың 120 жылдық мерейтойы аталып өтті

Атақты Сүгір жыраудың 120 жылдығына орай Маңғыстау облысында түрлі шара ұйымдастырылуда. Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылында киіз үйлер тігіліп, жыраудың құрметіне ас берілді.

Сондай-ақ, оның ізбасарлары жырдан шашу шашты. Ақындар айтысы да ұйымдастырылды, деп хабарлайды kazaitys.kz.

Жыраудың көзі тірісінде пайдаланған жәдігерлері, ел ішіндегі қолжазбалары жинақталып, үнтаспалары қалпына келтіріліп, Қызылсай ауылының мектебінде Cүгір Бегендікұлының 100 жылдығына орай ашылған музейге тапсырылды.

Хабарламаларға жазылу