Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы ауысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы ауысты

26.04.2023

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы ауысты. Ол 6 мамыр күні Мексикада өтетін бокс кешінде екінші орта салмақтағы әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес пен британдық Джон Райдер жекпе-жегінде андеркартта жұдырықтасады. Алғашында қарсыласы ретінде жергілікті боксшы Хесус Паломарес аталған болатын. Енді BoxRec.com сайтында Аманқұлдың оппоненті ретінде өзге мексикалық Фабиан Фраусто көрсетілген. Аталған кеште сондай-ақ рингке тағы бір қазақстандық Бек Нұрмағамбет шығады. Қарсыласы – венесуэлалық боксшы.


Хабарламаларға жазылу